Модули
Новости

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 1

Төл мерекелеріңізбен, ұстаздар!
Автор: Тәрбие ісінің меңгерушісі Балгин К.Е

Тәуелсіз елдің болашақтары

№27 Оразақ орта мектебінде 19-29 қараша аралығында «Балалар күніне орай»  онкүндік мерекелік іс-шаралар өткізілді. Бұл шаралардың негізгі мақсаты : «Бала сенің болашағың» бала тәуелсіз елімізідің келешегі екендіктерін осындай  жақсы  тұрғы да іс-шаралар ұйымдастыру, арқылы эстетикалық сезімдерін ояту. Мектебімізде  көптеген ашық тәрбие сағаттары, дөңгелек столдар және бастауыш сыныптарда  ертеңгіліктер өткізілді. Әр өткізілген іс-шараларға мектеп директоры: Мамбетова Д.А өзі қатынасып, көңіл бөле білді.  Айта кететін болсақ «Бала тіршілік көзінің айнасы», « Бала құқығы» дөңгелек стол. «Бала тәрбиелеуші дәстүрлер» т.б  сайыс сабақтар өткізілді. Әсіресе бастауыш сыныптарда 1А сынып жетекшісі                      А.А Абильдинова мен 3 А сынып жетекшісі С.Қ.Такенованың  ұйымдастыруымен 1 А сыныбы және 3 А сыныптар  арасында екі сыныптың ата- аналары «Өжет» тобы 1 А сынып «Әділет» тобы 3 А сынып «Адам болам десең құқығыңды біл!» тақырыбында сайысқа түсіп тартысты қыздыра түсті. Бұл сайыста  мектеп директоры Мамбетова Д.А және тарих пәндерінің мұғалімдері  Жандильдин А.С, Амантаева Г.С  әділқазылық жасап,  «Әділет» тобы  өз білгірліктерімен жеңіске жетіп бағалы сыйлықтармен мараптталды. Сонымен қатар осы «Балалар күніне» қарай мектеп алды даярлық тобының  балалары да бұл іс-шарадан қалыс қалмады.  Тәрбиешісі А.С. Кадырханованың ұйымдастыруымен «Кім болам?» атты ашық тәрбие сағаты көрсетіліп, тақырыпқа сай  тақпақ әндер, би билеп өнерлерін ортаға салды. Әсіресе бүлдіршіндердің  қазақтың халық биі «Қара жорғаны» билегендері барша қонақты баурады  Аталмыш осындай іс-шараларға  ата-аналар ыстық ықыластарын  білдірді.  Осындай іс-шаралар мектебімізде  жиі өткізіліп, тәрбиелік мәні зор  тәрбие сағаттары  жүргізіліп отырады деген сенімдеміз


Просмотров: 593
Дата создания: 28.01.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource